KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Шығыс Қазақстанда аяз сақталады

20.01.2026, 09:00 90 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және орталық өңірлерінде тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің болжамынша, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Өскемен қаласында да түнгі және таңғы мезгілде тұман күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беріледі. Мамандар азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге шығудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Сондай-ақ автокөлікті ұзақ уақыт сыртта күтіп тұрмау, көлікті жылыту үшін ашық отты пайдаланбау ескертіледі. Пеш жағу жиілігі 1,5 сағаттан аспауы тиіс. Ұйқыға жатардан кемінде екі сағат бұрын пеш жағуды тоқтатып, отын толық жанып біткенше бақылауда ұстау қажет. Қосымша электр жылытқыштарын қолданғанда өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аудару керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу