KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Бас прокуратура: Қыз алып қашқандар 4-7 жылға сотталады

16.06.2022, 10:43 149

Қылмыстық кодекстің 125-бабы – адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді, деп мәлімдеді Бас прокуратура. 

Ведомство хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза – 15 жылға соттау. Оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін. 

«Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады» - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда неке жасы –18.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу