ШҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары басталды
Шығыс Қазақстан облысының 96% қар басқан. Таулы жерлер мен өзендерде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр.
Өңірде топан судың қаупі төніп тұрған 108 елді мекен бар.
Аумақтар қоршалып, мұз жаратын мамандар іске кіріскен. Басты мақсат – сірескен сеңді бұзып, өзен арнасын ашу.
Мәселен, Шемонаиха ауданындағы төрт учаскеде мұз жару жұмыстары жүрді. Мұндағы су басу қаупі жоғары аймақта 92 үй бар. Осылайша, Шемонаиха аумағындағы қауіп сейілді.
Дегенмен Ертістің оң жағалауындағы тау өзендерінің бассейндерінде және Бұқтырма су қоймасы аймағында қар қалың. Сондықтан гидрологтар тәулік бойы қауіпті аумақтарды бақылап отыр. Бұл мақсатқа әуе көліктері де жұмылдырылған.

- 53-ші гидробекеттегі бақылаушылар өзендердің деңгейіне мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар гидрологиялық жағдайдың мониторингін аэровизуалды зерттеу жоспарланға, - дейді облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы:Ольга Гарборова, гидробекет бақылаушыс Алексей Штыкель.Тікұшақпен бақылау жүргізушілер әзірге ауа райын болжаушылардың рұқсатын күтіп отыр. Оған дейін мамандар тау жоталары арқылы жаяу көтеріліп, өзен деңгейін өлшейді.
- Мұздың қалыңдығы 1 метрден аз, 79 сантиметр болды. Бұл – ең төменгі деңгей. 430 сантиметрге жеткен кезде қауіпті деңгей болып есептеледі. Әсіресе таулы аймақтарда қауіп жоғары. Сондықтан қар көшкіні алдын ала қолдан жасау жоспарланған.
Оқи отырыңыз