KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да тағы 3 жерүсті өткелі салынады

2.02.2022, 15:06 151

Автомобиль жолдары мен көшелердегі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жүргізушілердің жол ережелерін сақтағанына ғана емес, автожол инфрақұрылымына да байланысты.

Осы орайда әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, апаттылықты азайту мен алдын алуға, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.

- Мәселен жақында Семей қаласында жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі ашылды. Өткел сол жағалаудағы айналма жол арқылы "Абай" атындағы мешітке апарады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі едәуір артты.

Автожол саласын дамытудың басты міндеті жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын және шоғырлануын арттыру болып табылады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция бүгінде облыс аумағында 19 көп деңгейлі жаяу жүргіншілер өткелі (9 – жер үсті, 10 - жерасты) пайдаланылатынын атап өтті. Тағы 3 жер үсті өткелдерін салу бойынша тиісті жоспарлар бар. Оның 2-еуі Өскемен қаласында, 1-еуі Семей қаласында жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу