KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
441.66 475.14 4.86

Бұрын сотталған ер адам полицейдің саусағын тістеп алды

30.01.2022, 21:36 139

Шығыс Қазақстан облысында бұрын сотталған адам кек қайтару мақсатында учаскелік полицейдің саусағын тістеп алды.

Ер адам рақымшылыққа ілігіп, түрмеден мерзімінен бұрын босатылған болып шықты, деп хабарлады Polisia.kz. 

Орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның айтуынша, мас болып көшеде келе жатқанда бұрын өзін қадағалап келген учаскелік полиция қызметкерін кезіктірген. Одан кек қайтаруды ұйғарып, қызметтік көліктің әйнегін сындырып, полиция қызметкерінің саусағын тістеп алған. Ер адам істеген ісіне өкінді. 

"Бостандыққа шығарда сотталушыға заттар мен аяқ киім түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген", – дейді мекеме басшысы Қуаныш Ағысбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив