KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СБ
502.27 597.15 6.57

Бұрын-соңды асфальт төселмеген 60 ауылдың жолы жөнделеді – ШҚО

Бүгін, 12:30 87 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында 2025 жылы өңірде шамамен 900 шақырым жол жөндеумен қамтылғанын, басым бөлігі – күрделі жөндеу, қайта жаңғырту және жаңа жол салу жұмыстары екендігін айтып, биылғы межеде мүлдем асфальт төселмеген ауылдар екенін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жөнделетін жолдардың басым бөлігі елді мекендер арасындағы трассалар екенін, ал ауылдар мен аудан орталықтарының ішінде көбіне бір ғана орталық көшеге асфальт төселетінін атап өткен тілшіге жауап берген аймақ басшысы қазіргі жұмыс нақты жоспар бойынша орындалып жатқандығын жеткізді.

— Біз бұл мәселені жүйелі түрде шешуге көштік. Талдау нәтижесінде облыста бұрын-соңды асфальт төселмеген шамамен 60 ауылдық елді мекен анықталды. Алдағы үш жыл ішінде осы елді мекендердің барлығында негізгі, ірі көшелер толықтай асфальтталатын болады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, жол құрылысы мен жөндеу көлемі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр.



Фото: Tengrinews.kz / Алимжан Аманжол

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу