ШҚО полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті.
5 қараша күні «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тас жолында Семейден Үржарға жол тартқан Азат Жұматов есімді азаматтың «HYUNDAI» маркалы автокөлігі істен шығып, жолда қалған.
Көлігін өз күшімен жөндемек болған оның талпынысы нәтиже бермеген соң, ер адам өтіп жатқан көліктерді тоқтауға тырысқан, алайда ағылған көліктер көмекке келуге асықпаған.
Қас қарайған уақытта көлігінің артына патрульдік автокөлік тоқтап, мән-жайды сұрап, жолда қалған жүргізушіні жақын маңда орналасқан ТЖМжылыту пунктіне жеткізген.
Жүргізуші Азат Жұматов өз кезегінде, суық күндері жолда қалдырмай көмекке келген борттық №520 «CHEVROLET» қызметтік автокөлігіндегі Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Серік Қыдырбеков пен Асет Тілекеновке алғысын білдірді.
- Тәртіп сақшылары маған көмекке келді. Қазіргі уақытта қиын сәттеқол ұшын созуға дайын адамдар бар екенін сезіну мені қатты қуантады. Полицейлерге үлген рахмет!,- деді жүргізуші Азат Жұматов.
Айта кетейік, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасы ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты автожолдарға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді.