KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
516.93 542.52 4.98

ШҚО тәртіп сақшылары жолда қалған спортшыларға көмекке келді

3.03.2022, 18:04 227

27 ақпанда сағат 23:35 шамасында екі полиция қызметкері – полицияның аға лейтенанты Лепесов Тілеужан мен полиция аға лейтенанты Мұхамеджанов Бекзат патрульдеу кезінде жолда тұрған автобусты көрген. Салонда 15 адам. Оның 5-еуі бала және 15 ит бар екен.

Жолаушылардың айтуынша, олар Семей қаласынан Алматы қаласына шанаға ит жегу жарысынан қайтып бара жатқан. Түнде иттерді тамақтандыратын уақыт кезінде салондағы жарық сөніп қалған. Спортшылар жүргізушілерден жарықты қосуды сұраған, алайда жүргізушілер автобустың регенераторының істен шыққанын айтқан.

Жағдаймен танысқан тәртіп сақшылары алдымен әйелдер мен балаларды эвакуациялау үшін ТЖД қызметкерлерін шақыруды ұсынған, бірақ жолаушылар жүргізушілердің өздері көлікті жөндей алатынына үміттеніп, оларға уақыт беруді сұраған. Ер адамдар автобустың бүйір бөлігінен шығатын блоктағы мәселені шешуге тырысып жатқанда, полицейлер патрульдік машинаның жарқылдауық маяктары арқылы басқа көліктер қараңғы жерде автобусқа тиіп кетпеуі үшін оларды жауып тастаған.

Біраз уақыттан кейін, енді күтуге болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері адамдардың бір жерде түнеп шығуы үшін ТЖД-дан көмек сұраған. Құтқарушылар оқиға орнына 30 минут ішінде келіп, әрі қарай Жаңаөзен ауылындағы санаторийлердің біріне орналастыру үшін 11 адамды алып кеткен. Ұйықтауға арналған қаптармен жабдықталған төрт жолаушы автобустің ішінде иттермен бірге автоэлектриктің келуін күткен.

«Көлігіміз тоқтап, жолда қалып қалған кезде, дер уақытында келіп, көмек қолын созған полиция және ТЖД –ның қызметкерлеріне рахмет!» -, деп спортшылардың атынан Маргарита Гатиева жылы лебізі мен алғысын жеткізді.

Келесі күні түске таман автобусты жөндеп, жүргізушілер мен спортшылар сапарларын жалғастырған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу