KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Қарт майдангер өткен шағын еске алды

8.05.2024, 17:00 109 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстан облысында ардагер Михаил Головатюкке құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қарт майдангердің үйіне арнайы барып, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оркестр ойнаған әуендерден жеңісті әскердің рухты үні естілгендей. Ардагер де бір сәт өткенге оралап, қиян-кескі шайқастарды еске алып, естеліктерін ақтарды.

Михаил Головатюк 1927 жылы 15 қазанда Иркутскінің Кутулин ауылында дүниеге келген. 1943 жылы, 16 жасында, Иркутскіден Байқалға дейін теміржол салуға еңбек армиясына шақырылды.

1944 жылы қарашада белсенді Армия қатарына қосылып, 579-шы атқыштар полкінің құрамында Жапонияға қарсы шайқастарға қатысқан.

1952 жылдан бастап Өскемен қаласында тұрады. Қорғасын-мырыш зауытында, қазіргі «Казцинк» компаниясында, 30 жыл балқытушы болып жұмыс істеген.        

II дәрежелі Отан соғысы Орденінің, Ленин атындағы Даңқ орденінің иегері. «Жапонияны жеңгені үшін» медалін, «Кеңес Армиясы мен Әскери-теңіз күштеріне 30 жыл» естелік медалін алған. Сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Құрметті металлург» атанды.

– Елеп-ескеріп жатқан өздеріңе алғысым шексіз. Істерің ілгері болсын! Елімізде әрқашан тыныштық болсын! – деп лебіз білдірді ардагер.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив