Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ — Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың алдағы су тасқыны кезеңі қарсаңында ауа райының болжамы туралы баяндамасын тыңдады.
- Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін,
- деп атап өткен Олжас Бектенов жақын арада аталған мәселе бойынша республикалық жедел штабтың отырысын дайындауды тапсырды.
Оқи отырыңыз
Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдай бойынша жедел кеңес өткізді"Кез келген жағдайға дайын болыңыз". Бектенов жаңа министрге тапсырма бердіКелер жылы тасқынды болжайтын ақпараттық жүйе іске қосыладыҮкімет басшысы: Су тасқынынан зардап шеккендердің ешқайсысы көмексіз қалмайдыПремьер-министр меморгандар мен әкімдіктерді сынға алды