Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдай бойынша жедел кеңес өткізді
primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Primeminister.kz сілтеме жасап.
Кеңеске қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика мен қаржы министрліктерінің басшылары қатысты. Кеңесте негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Премьер-министр Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық нысандарды қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады. Кеңес барысында тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мәселелері көтерілді.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын күшейту жөнінде тапсырмалар беріп, қажетті шараларды жедел қабылдауды тапсырды.
Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау міндеттелді.