KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, СБ
505.71 591.43 6.65

ШҚО тұрғындарын құбылмалы күн райы күтіп тұр

depositphotos.com

4.07.2025, 16:00 261 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында алдағы демалыс күндері ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, сенбі күні жазғы аптап ыстық болса, жексенбі күні жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскеменде сенбі күні ауа температурасы +33 градусқа дейін көтерілмек. Таңертең және күндіз ашық, оңтүстік-шығыстан соғатын жел баяу болады. Кешке қарай өткінші жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал, ал түнде жауын күшейеді. Жексенбі күні күн салқындап, +22 градусқа дейін төмендейді. Күн бұлтты, жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Алтай қаласында сенбі күні күн ашық, ауа температурасы +31 градусқа дейін жетеді. Кешке әлсіз солтүстік-батыс желі соғып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде күшті жауын мен найзағай болжануда. Жексенбі таңында жаңбыр болуы мүмкін, бірақ түске қарай бұлт сейіліп, күн бұлтты әрі ашық болып, +23 градусқа дейін жылынады. Кешке жаңбыр болмайды деп күтілуде.

Шемонаиха ауданында ауа райы жауын-шашынды болады. Сенбі күні таңертең аз бұлтты, ал түске қарай жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +31 градусқа жетеді. Кешке жауын күшейіп, түнде найзағай мен жаңбыр жалғасады. Жексенбі күні жаңбыр тоқтамайды, найзағай жиі болуы мүмкін. Күннің ең жоғары температурасы – +20 градус. Жел баяу, оңтүстік-батыстан соғады.

Риддерде демалыс күндері ауа райы айтарлықтай суытады. Сенбі күні таңертең күн ашық, түсте бұлтты болады, температура +28 градусқа дейін көтеріледі. Кешке қатты жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін. Бұл құбылыстар түнде жалғасып, жексенбіге дейін созылады. Жексенбі күні ауа температурасы +14...+18 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-батыстан әлсіз жел соғады. Кешке қарай жаңбыр басылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу