Қазақстанда 37 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде 37 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, жаз мезгілінің соңғы күндері ауа райы республика аумағында әр түрлі болмақ. Солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарды жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ, қатты жел соғып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін екен. Алайда 29 тамыздан бастап күн қайта жылынады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы бұл күндері 28-37 градус аралығында сақталады. 29 тамызда найзағай ойнап, жауын-шашын болуы ықтимал.
Оқи отырыңыз