Бородулиха ауданының тұрғыны үйінде марихуана сақтаған
«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бородулиха ауданы Ивановка ауылының 30 жастағы тұрғынынан полицейлер өзіне тән иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат тапты.
Тексеру барысында ер адамның тұрғын үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны анықталды. Ауыл тұрғыны оны жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан.
Сараптама актісіне сәйкес бұл зат жалпы салмағы 1,35 грамм кептірілген марихуана болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз