Шетелдік туристерге QR-коды бар туристік карта беріледі
Шетелден келген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтық қорғалуын күшейту мақсатында елімізге келген әрбір туристке QR-коды бар арнайы туристік карта беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі таңда мобильді сайтта «Туристік карта» бөлімі іске қосылған. Онда мынадай маңызды ақпарат қамтылған:
- полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдері туралы мәлімет;
- 102 мобильді қосымшасы;
- ұялы байланыс операторлары, такси қызметтері, SIM-карталар мен оларды сату нүктелері;
- қонақүйлердің мекенжайлары және оларға қойылатын талаптар;
- жүріп-тұру бағыттары мен сызбасы (қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде);
- SOS батырмасы және шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері бар панель.
Игі бастама – өңірдегі туристік әлеуетті арттырып, шетелдік меймандардың өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал етпек.
Дмитрий Чжан
Фото/видео: ШҚО ПД
Оқи отырыңыз

