KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да туристік полиция құрылатын болды

19.04.2019, 03:40 270

ШҚО-да туристік полиция құрылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев біраз уақыт бұрын ел өңірлерінде туристік полиция жасақтау туралы бастама көтерген болатын. Басты мақсат – әрине, шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қазақ еліне тән қонақжайлық таныту.

 

Бастама басталып кетті. Аталмыш бөлімшелерді ең бірінші – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан өңірлерінде құру жоспарлануда.

 

Туристік полицияның негізгі міндеті – ел қонақтарын қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру, ақпараттандыру. Олар бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады. Сондай-ақ сақшылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және ел тарихын жетік білуі керек.

  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу