KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Риддерге жаңа серпін берер 11 инвестжоба жүзеге асуда

1.09.2025, 16:00 258 Серік Құсанбаев

Риддер қаласы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазір мұнда жалпы құны 104 млрд теңгені құрайтын 11 ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Олардың қатарында қонақүйді қайта жаңғырту, өңдеу зауытының құрылысы және су қоймасын тазалау сияқты өңірдің инфрақұрылымы мен экономикасын түбегейлі жаңартатын бастамалар бар. Олар жайлы аймақ басшысының халықпен кездесуінде кеңінен дерек берілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қала экономикасының негізгі тірегі – түсті металлургия. Өндірістегі үлестің 85,5 пайызы «Казцинк» кәсіпорнына тиесілі. Қазіргі таңда қала аумағында 9 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, толық игеруді қажет ететін 12 резервтік кен орны бар.

Экономиканы әртараптандыру аясында Риддерде өңдеуші өнеркәсіп пен туризмді дамытуға ерекше назар аударылуда. Мәселен, полиметалл рудаларын байыту саласында «Казцинк» компаниясы 2009 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде жалпы құны 23,1 млрд теңгені құрайтын байыту фабрикасын кезең-кезеңімен жаңғыртуды жалғастырып келеді.

Ірі жобалардың қатарында «Ridder Resort Hotel» қонақүйін қайта жаңарту (1,5 млрд теңге), «Риддер Полиметалл» ЖШС-нің өңдеу зауытының құрылысы (8,8 млрд теңге, 2026–2028 жылдар) және «Алтай Темір» ЖШС-нің Тишинское су қоймасын тазалау жобасы (5,5 млрд теңге, 2033 жылға дейін) бар.

Бұл бастамалар Риддердің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, қаланың инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу