KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 0,7 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

ШҚО: Облыстың өңдеу өнеркәсібінде 27 жоба іске асырылмақ

5.08.2024, 09:10 37 Анель Слямғазықызы

Облыста өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту мақсатында алдағы екі жылдың көлемінде 738,7 млрд.теңгенің 27 жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 

Кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақовтың баспасөз мәслихатында айтқанындай, жаңа өндірістерді ашып, бұрыннан жұмыс істеп тұрғандарын әрі қарай кеңейтудің, өркендетудің нәтижесінде 2500-ден астам жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды Altainews kz. тілшісі.

Аймақта ашылатын ірі өндірістерді атап айтатын болсақ, облыстағы HMS Bergbau AG неміс компаниясы өңірдегі екі жобаны іске асыруға 500 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Алатау Литий» ЖШС қазақстандық компаниясымен бірлесіп 2026 жылдан бастап литий өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту фабрикасының құрылысын бастамақ. Осы компания  Ұлан ауданы аумағында литий оксиді концентратын алу мақсатында пегматит кендерін қайта өңдеу бойынша заманауи кәсіпорын салу бойынша «Сreada Corporation» ЖШС-мен бірлесіп жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
2028 жылдан бастап «East Smelting» ЖШС  Тарбағатай ауданының аумағында 217 млрд.теңгеге мыс өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салмақ.
Ағымдағы жылы «Казцинк» ЖШС қорғасын зауытының қож айдау қондырғысының учаскесі жаңғыртылып, мырыш зауытының газдарды кәдеге жарату учаскесінің үрлегіштері ауыстырылады. Инвестиция көлемі 22 млрд. теңгені құрайды. 
2025 жылы «Востокмашзавод» АҚ құю өндірісін жаңғырту жоспарлануда, инвестиция көлемі 33,2 млрд.теңгені құрайды.
Барлық жоспарланған жобалар берік өнеркәсіптік әлеуетті қалыптастыруды және экономикалық дамуды қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив