KZ
Өскемен
-22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
514.74 599.36 6.71

Нұршат Абдуллинаның ұстаздық жолы – жас мамандарға үлгі 

27.09.2025, 11:00 256 Ержан Әбіш

Мұғалімдер күні қарсаңында ШҚО-ның Ұлан ауданында ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, білім беру ісінің үздігі Нұршат Абдуллинаның ұстаздық еңбек жолына арналған «Н. Абдуллина – тағылымы терең, тәжірибесі теңдесіз ұстаз» атты педагогикалық бенефис өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Нұршат Абдуллина еліміздің білім беру саласында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп келе жатыр. Ол «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезіне, Қазақстан патриоттары форумына делегат ретінде қатысқан, 2019 жылы Президент инаугурациясына арнайы шақырылған. Ұлыбритания мен Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткен тәжірибелі педагог - Ұлан ауданы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Бенефистің мақсаты ардагер ұстаздың кәсіби шеберлігін дәріптеу, тәжірибесін жас мамандарға үлгі ету, педагог мәртебесін көтеру және ұстаздық еңбектің қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау болды.

Шараға ардагер ұстаздар, әріптестері, тіл пәндерінің мұғалімдері, жас мамандар және жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиында қатысушылармен кері байланыс та ұйымдастырылды.

Спикерлер ұстаздық жолдағы қажырлы еңбектің жемісін атап өтіп, Нұршат Алтайханқызының жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесін ерекше бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу