Қуат Оқасов ШҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды
Фото: Махаббат Ахметжанова
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Қуат Барысұлы Оқасов Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әкімдік отырысында таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қуат Барысұлы Оқасов 1969 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет еткен. Мектеп мұғалімі, директор болып еңбек еткен, кәсіподақ саласында жұмыс істеп, кейін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Соңғы уақытта Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қуат Оқасовтың білім беру саласында мол тәжірибесі бар. Енді ол облыс көлеміндегі білім басқармасын басқарып, жаңа оқу жылына дайындық пен білім сапасын арттыру бағытында жұмыс істемек.