KZ
Өскемен
-10°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Жаңа өнімнің 777 мың тоннасы экспортталды

29.09.2025, 17:30 148 Ержан Әбіш

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдын ала мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1–25 қыркүйек аралығында жаңа өнім астығын тасымалдау көлемі 1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты (878 мың тонна), деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы тасымал көлемінің 258 мың тоннасы ішкі сұранысқа бағытталса (2024 жылы — 155 мың тонна), 777 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді (өткен жылы — 723 мың тонна).

Көршілес елдерге астық жеткізу көлемі де өсіп отыр: Өзбекстанға – 31%-ға (250 мың тоннадан 327 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға – 15%-ға (116 мың тоннадан 133 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға – 42%-ға (6 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін). Әзербайжанға жеткізу көлемі екі есеге артып, 12 мың тоннаға жетті.

Бұл көрсеткіштер жоғары өнімділіктің, қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы тұрақты сұраныстың және теміржол көлігі қамтамасыз етіп отырған логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін айғақтайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сала өкілдерін қолдау, экспорттық бағыттарды кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу