KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

«Туған жер – алтын бесігім»: Өскеменде Самар ауданының күндері

2.10.2025, 10:30 225 Ержан Әбіш

https://youtube.com/shorts/8NYV11dw9mg?feature=share 

Өскеменде 3-4 қазан күндері ерекше мерекелік көңіл күй орнайды. Облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өтетін Самар ауданының күндері тұрғындарға мәдениет пен өнерге, дәстүр мен тағылымға толы бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кештің арнайы қонағы – әнші Медет Көжекбаев.

Сіздерді мазмұнды да әсерлі бағдарлама күтіп тұр:

3 қазан

09:30 — танымал актер, сценарист Рысқұл Қонақбаевпен кездесу және «Юбилейный» кинотеатрында фильм көрсету (Қазақстан көшесі, 59).

12:00 — Арбатта «Ұлттық киім» акциясы.

17:00 — облыстық филармония фойесінде Самар ауданының мәдени мұрасы, зергерлік өнері мен жетістіктерінің көрмесі (Протозанов көшесі, 43).

18:00 — облыстық филармония концерт залында өтетін «Самарым – шаттық мекенім» атты концерттік бағдарлама (Протозанов көшесі, 43).

4 қазан

08:00 — «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының алаңында азық-түлік жәрмеңкесінің ашылуы (Жібек Жолы көшесі, 44)

5 қазан

Самар ауданы командалары арасындағы волейбол ойыны (Стахановская көшесі, 3А)

Самар ауданының күндері – мәдениет пен дәстүрдің, шабыт пен өнердің мерекесі. Отбасыңызбен келіп, туған өлкеміздің бай мұрасымен танысыңыздар!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу