KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Сенбі күні Өскеменде Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен концерті өтеді

altainews.kz

17.09.2025, 17:00 246 Айдос Мырзахметов

20 қыркүйекте «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама өтеді. Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары Шемонаиха ауданының табиғи өнімдері мен өнерін тамашалай алады.

Сөрелерге ауданнан жеткізілген жаңа піскен көкөністер, ет, сүт өнімдері және нан-тоқаш тағамдары қойылады. Барлығы да қолжетімді бағамен ұсынылады. Бұдан бөлек, Шемонаиха шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Шара сағат 8:00-де Жібек Жолы көшесі, 44 мекенжайында басталады.

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аудандар мен қала арасындағы мәдени байланыстарды дамытып, әлеуметтік-экономикалық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ өңірдің мәдени кодын қалыптастыруға бағытталған.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу