KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
505.71 591.43 6.65

Шығыс Қазақстанда үздік мұғалімдер марапатталды

2.10.2025, 13:45 427 Ержан Әбіш

Ұстаздар күніне орай Шығыс Қазақстан облысында «Жаңа дәуір мұғалімі: интеллект, еңбек, адалдық» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Концерт залының фойесінде мектеп және колледж оқушыларының көркем шығармашылығы, оқу әдебиеттері мен «Жұлдыз» балалар өнер мектебі тәрбиеленушілерінің картиналарынан құралған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ аймақтық және республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан білім беру саласындағы жобалар таныстырылды.

– Мұғалім – жай ғана тәлімгер емес, ол – ел болашағының сәулетшісі. Сіздердің еңбектеріңіз, шыдамдылықтарыңыз бен балаға деген махаббаттарыңыз – ешбір технологиямен алмастыруға болмайтын баға жетпес қазына, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде.

Концерттік бағдарламада ерекше назар аудартқан жайт – жүргізушімен бірге сахнаға жасанды интеллект негізіндегі «ЕЛИ» (Электронды Интеллект) атты аватар-көмекшінің шығуы болды. Экраннан проекцияланған бейне дауысы номинацияларды жариялап, статистиканы таныстырды. Бұл тәсіл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Цифрландыру мен жасанды интеллект – қазіргі заманның шындығы, сондықтан балаларға мектеп қабырғасынан бастап цифрлық сауаттылықты үйрету қажет» деген тапсырмасымен үндеседі. Шығыс Қазақстан да цифрлық технологияларды қолдана отырып, мұғалімнің қоғамдағы орнын айқын көрсетті.

– Құрметті ұстаздар, ардақты педагогтар! Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер елдің болашағын қалыптастырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырсыздар. Қазіргі кезде технологиялар жылдам дамып келеді, ол барлық салаға, соның ішінде білімге де әсер етуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында цифрландыруды дамытудың және жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқытуға пайдаланудың маңызын ерекше атап өтті. Біз Шығыс Қазақстан облысында осы бағытта белсенді жұмыс істеудеміз. Биыл мектептерде 40 жаңа пән кабинеті жабдықталды, роботты техника мен техникалық дағдылар дамып келеді. Балаларды бағдарламалауға, инженерлік ойлауға үйрететін, олимпиадалар мен байқауларға дайындайтын заманауи кабинеттер ашылды. Барлық өзгерістер балаларымыз үшін жасалуда. Ал оның негізгі қозғаушы күші – сіздерсіздер, құрметті ұстаздар. Педагогикалық шеберліктеріңізге, сабырларыңызға және кәсіпке деген сүйіспеншіліктеріңізге алғыс білдіремін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Педагогикалық шеберлікті дамыту – білім беру жүйесінің басты бір міндеті. Талантты ұстаздарды қолдау мен мойындау жыл сайын өтетін кәсіби байқаулар арқылы жүзеге асады. Биыл «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңіне 26 мұғалім қатысып, оның 10-ы республика деңгейінде өңір намысын қорғауға мүмкіндік алды. Педагогтардың еңбегі тек байқауларда ғана емес, аймақтық марапаттар арқылы да атап өтіледі. Жыл сайын үздік мұғалімдер төсбелгілермен, құрметті атақтармен марапатталады. Бұл – олардың еңбегін мойындаудың белгісі. Осы оқу жылында облыстың үздік білім беру ұйымдарын қолдау орталығына «Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауы жеңімпаздарын марапаттауға 68 миллион теңге бағытталды. Бұл қаражат мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оқушылардың білім алуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Салтанатты шара барысында 2024-2025 оқу жылының рейтингі қорытындысы бойынша үздік білім бөлімдері мен колледждер, сондай-ақ өңірдің білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқан педагогтар марапатталды. Еңбек ардагерлеріне, үздік ұстаздар мен білім бөлімдерінің басшыларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық медальдары, Шығыс Қазақстан облысы әкімі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
Гүлмира Ілиясова (ШҚО білім басқармасы),
Роза Арнханова (Өскемен қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес),
Берекбай Жұмабаев (Глубокое ауданы «Тарханка орта мектебі-балабақшасы» кешені),
Шаурахмет Мәденов (Күршім ауданы),
Галина Кыкманова (облыстық математика, физика, информатикаға бейімделген мектеп-лицей),
Салтанат Балтабаева (Риддер қаласының №14 орта мектебі),
Батемкан Тоқушева (Самар ауданы),
Күлшарат Бралинова (Үлкен Нарын ауданы балалар музыка мектебі),
Татьяна Блинова (Риддер қаласы, Поперечное ауылының негізгі мектебі),
Гүлнар Дуканова (Зайсан ауданы М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат),
Раиса Қанарбаева (Күршім ауданы Қойтас негізгі орта мектебі),
Корумбала Наурызбаева (Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені),
Урумжан Ыдрысханова (Өскемен қаласы А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп).

– Мен мектепте, білім бөлімінде жұмыс істедім, қазір білім басқармасында еңбек етемін. Тәрбие жүйесінің жұмысын қадағаладым, біз ұстаздарымызбен бірге көптеген бағдарламалардан өттік – олар жыл өткен сайын дамып, жетілдіріліп отырды. Қазіргі уақытта «Адал азамат» тұжырымдамасы жүзеге асуда. Ол жастарға бағытталған, балаларды жас кезінен бастап патриоттық рухта тәрбиелеп, өз елінің нағыз, адал әрі шынайы азаматы болып қалыптасуына жол ашады. Қазір бұл тұжырымдама тәрбиенің барлық саласын қамтып отыр, – деді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 45 жылдық еңбек өтілі бар қызметкері Гүлмира Ілиясова. 

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегерлері:
Алмаш Танышева (Өскемен қ., №46 мектеп),
Жанар Кабдырғалиева (Өскемен қ., арнайы мектеп),
Қарлығаш Сағиева (Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернат),
Анар Жетібаева (негізгі мектеп-интернат, директор),
Марина Давыдова (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес),
Кенжегүл Қайынденова (Өскемен жоғары политехникалық колледжі),
Гүлнар Сабиева (Риддер қ., №1 мектеп-лицей),
Нұржанат Окатаева (Самар ауданы, Аққала орта мектебі-балабақша кешені),
Болатбек Әмірғазин (Тарбағатай ауданы, Ақмектеп орта мектебі),
Ирина Чистякова (Үлкен Нарын орта мектебі),
Лаура Мұқышева (Шемонаиха ауданы, А. Байтұрсынұлы атындағы №5 мектеп-балабақша кешені),
Майра Ақатаева (Глубокое ауданы, Уварово орта мектебі),
Айнаш Қалелова (Күршім ауданы, Үшбұлақ негізгі мектебі).

– Мұндай марапатқа ие болғанымды естігенде қатты қуандым, өйткені ауылдағы қарапайым тарих пәні мұғалімінің еңбегін мемлекетіміз осындай жоғары деңгейде бағалады. Бүгін осы лайықты марапатты облыс әкімінің қолынан алғаныма өте ризамын, – деп бөлісті 45 жылдық еңбек өтілі бар Глубокое ауданы «Тарханка орта мектеп-балабақша кешені» тарих пәнінің мұғалімі Берекбай Жұмабаев. 

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері:
Мөлдір Досмұханбет (Зайсан ауданы, М. Ломоносов атындағы мектеп),
Альмира Елеуова (Зайсан ауданы, М. Ломоносов атындағы мектеп, бастауыш сынып мұғалімі),
Гүлмира Қоқанова (Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицей),
Светлана Подхомутникова (Өскемен қ., №10 мектеп-гимназия).
Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Динара Нұрқасымова (Ново-Хайрузовка орта мектебі, Үлкен Нарын ауданы);
Татьяна Филимонова (№61 арнайы балабақша, дефектолог);
Нұрланбек Жанбосынов (№48 қосымша білім беру орталығы-мектебі);
Жаныл Назарбаева (№44 мектеп-лицей, директор);
Айтжамал Тоқсамбаева (№7 «Радуга» балабақшасы);
Айнұр Қамзаева (Жанаталап орта мектебі, Тарбағатай ауданы);
Марина Степанова (Оқушылар үйі, Риддер қаласы);
Сәуле Қасенова (Опытное поле ауылындағы балалар музыка мектебі);
Елена Штрошерер (№1 Островский атындағы орта мектеп-гимназия, Шемонаиха ауданы);
Оксюз Рахман (арнаулы «Білім-инновация» лицейі);
Лаура Кемешева (облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);
Любовь Щур (Өскемен құрылыс-техникалық колледжі);
Жанар Шегирова (Риддер колледжі, директордың орынбасары).
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
Рустам Айтқазинов (Таврия орта мектебі, Ұлан ауданы);
Айнұр Бүркітбаева (Маралды орта мектебі, Күршім ауданы);
Жанар Рапикова (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Ұлан ауданы);
Мейіргүл Әбенова (арнаулы мектеп, Өскемен қаласы);
Зейнегүл Тайбуганова (Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі);
Ольга Литвинова (Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж);
Дәурен Мергенчинов (Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі);
Арман Болатов (Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия, Марқакөл ауданы);
Жанерке Құрметжанова (Аршаты орта мектебі, Катонқарағай ауданы);
Қанат Исабаев (Алтай қаласындағы №11 орта мектеп);
Мәди Мейірбаев (Сарытерек орта мектебі, Зайсан ауданы).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын иеленгендер:
Роза Отарбаева (№9 орта мектеп, Алтай ауданы);
Бибігүл Иманқұлова (Зайсан ауданы, «Ертөстік» балабақшасы);
Айжан Мұқанова (С. Ластаев атындағы орта мектеп, Катонқарағай ауданы);
Салтанат Амисолтанова (Қайынды негізгі орта мектебі, Катонқарағай ауданы);
Гүлбақыт Амирова (Игілік негізгі орта мектебі, Марқакөл ауданы);
Светлана Звонцова (№36 орта мектеп, Өскемен қаласы);
Гүлмира Бегімбаева (№11 жалпы білім беретін мектеп, Риддер қаласы);
Гүлнара Дүсіпова (Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп, Самар ауданы);
Көгершін Сүлейменова (Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп, Тарбағатай ауданы);
Гүлнар Жампейісова (К. Қайсенов атындағы орта мектеп, Ұлан ауданы);
Наталья Тимошенко (Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Шемонаиха ауданы);
Вера Худякова (Прогресс орта мектебі, Глубокое ауданы).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
Ирина Полторанина (Затаевич атындағы балалар музыка мектебі, Алтай ауданы);
Гүлмира Исмакова («Балдәурен» балабақшасы, Зайсан ауданы);
Магира Әмренова (облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты);
Нұрзиға Садықова (Өскемен қаласындағы ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған оңалту орталығы);
Надежда Серова (Горький атындағы негізгі орта мектеп, Риддер қаласы);
Бауыржан Садуов (Т. Тоқтаров атындағы негізгі орта мектеп, Тарбағатай ауданы);
Гүлнафис Чекушева (Қ. Дамитов атындағы орта мектеп, Үлкен Нарын ауданы);
Гүлмира Захарьянова (мектеп-балабақша кешені, Ұлан ауданы);
Галина Стрельникова (Белоусовка кентінің балалар музыка мектебі).

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша үздіктер қатарында Үлкен Нарын ауданының білім бөлімі – жалпы орта білім берудегі жоғары көрсеткіштері үшін және Өскемен жоғары политехникалық колледжі – Шығыс Қазақстан облысының ең үздік колледжі ретінде танылды.

«Жаңа дәуір мұғалімі: интеллект, еңбек, адалдық» атты салтанатты шара тек ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің еңбегін мойындау мерекесі ғана емес, Шығыс Қазақстанның дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру бағытын айқын көрсеткен іс-шара болды. Өңірде алдағы уақытта да білім беру жобалары дамытылып, педагогтердің мәртебесі мен беделін арттыруға ерекше назар аударылмақ.

Дамир Омаров
Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу