KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

«Жастар шығармашылығы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді - Өскемен

19.11.2019, 04:38 159

Бүгін облыстық өнер музейінде «Жастар шығармашылығы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Көрме "ART-Жастар" жобасы аясында ұйымдастырылған. Музей қабырғаларына байқаудың бірінші бөлімінен сүрінбей өткен қатысушылардың туындылары ілінеді. Көрмеге "Жұлдыз" балалар көркемсурет мектебі (Өскемен қаласы), Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының өнер мектебі, Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі, №43 мектеп –лицейі, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицейінің оқушылары қатысады.

Байқауға Өскемен, Семей, Риддер, Катон-Қарағай, Жарма,Тарбағатай аудандарының суретшілері өз жұмыстарын ұсынады. Сайыс "Жас суретші", "Жас мүсінші", "Жас сәулетші", "Көркем фотосурет" номинациялары бойынша өтеді.

Графикалық және көркем техникада жазылған портреттер, пейзаждар, авангардтық және реалистік бағыттағы сюжеттік жұмыстар  жыл соңына дейін музей келушілерін қуантады. Байқау жеңімпаздары 2019 жылдың 12 желтоқсан күні жарияланады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив