KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

ШҚО-дағы мектептерде жасанды интеллект зертханасы ашылады

16.08.2024, 18:19 1 590

Шығыс Қазақстан облысындағы білім ордаларында жасанды интеллект зертханалары ашылады.

Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін тамыз кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Шара барысында қатысушылар өткен оқу жылының жетістіктері мен жаңа оқу жылындағы жоспарлар туралы айтылды.

Айта кету керек, өңірде 2-3 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,7%-ға, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100%-ға жетіп отыр.

ШҚО әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы бүлдіршіндерді балабақшамен толықтай қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Өңірдегі білім беру саласы жыл санап қарқынды дамып келеді. Апатты және үш ауысымды білім беру мекемелері жоқ. Бірақ оқушы орындарының тапшылығы бар екені рас. Қазіргі уақытта облыста жаңа білім ордалары бой көтеруде. Биыл жергілікті бюджет есебінен Өскеменде, Зайсанда және Жаңа Бұқтырма кентінде 600 орындық мектеп салынды. Қазіргі уақытта "Жайлы мектеп" жобасы бойынша 7 жалпы білім беру мекемесі салынып жатыр.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылған. Барлық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге бейнебақылау жүйесі де орнатылыпты.  

- Мектептердің 98,5%-ы дабыл түймелерімен жабдықталса, турникетпен 100% қамтылған. Алайда өрт қауіпсіздігі, спорт жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан білім басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін тұрақты бақылауға алсын, - деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар тамыз кеңесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерделеу қажеттігі де талқыланды. Кейбір жалпы білім беру мекемелерінде нейрожелінің негіздерін білетін зертханалар ашу жоспарланып отыр.

- Цифрлық технология – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан оны мектеп қабырғасында бастаған жөн. Ол үшін педагогикалық құрамды дайындап, балаларға жағдай жасау қажет. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бұл бағыт белсенді дамып келеді. Лу Бань шеберханасы соның бір мысалы. Дәл осындай шеберханалар мектеп қабырғасында да ашылуы керек. Облыс бойынша алғаш болып Шемонаиха ауданындағы мектептердің бірінде ашуды жоспарлап отырмыз. Кейіннен кезең-кезеңімен жалғастыра береміз. Біздің басты міндетімі - балаларға жасанды интеллект деген не және оны қалай игеру керектігін түсінуге көмектесу, - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Кеңес соңында "Орта білім берудің үздік ұйымы – 2024" байқауының грант иегерлері марапатталып, педагогтерге "Ы. Алтынсарин" және "Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісі, "Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін" құрметті атағы табысталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив