KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-дағы "Жұлдыз" өнер мектебіне 33 жыл

24.09.2020, 06:05 323

Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Бізге 33 жыл» атты «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімі оқушыларының көрмесі ашылды.

Көрмеге сонау 1982 жылдары мектеп қабырғасында еңбек еткен ұстаздары да қатысты. Қазақ халқының тұрмысы салт-дәстүрі кеңінен бейнеленген алуан түрлі бояулар көздің жауын алады. Барлығы дерлік үздік салынған туындылар.

- Көрме Өнер музейінің қолдауымен ашылып отыр. Көрмеге мектеп түлектерінің ең үздік туындылары қойылды. «Жұлдыз» өнер мектебінде балалар бес жыл көркемсурет бөлімінде оқып шығады. Бізде жыл сайын бітіруші түлектер өз жұмыстарын қорғап, жинаққа енгізіп отырады. Осы орайда балалар шығармашылығына қолдау көрсетіп отырған Өнер музейінің директоры Бекайым Ұябаеваға алғысым шексіз. Мектебімізде талантты балалар өте көп. Халықаралық, республикалық деңгейдегі байқауларда талай мәрте топ жарып жүр. Бұл біз үшін үлкен жетістік, мақтаныш! Жуықта ғана оқушыларымыз республикалық деңгейде өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауда 13 оқушымыз жүлдегер атанды, - дейді «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің директоры Дархан Қасенов.

Мектеп ардагері Любовь Савченко оқушылардың алғашқы көрмелерін қалай ұйымдастырғанын еске алды. Дильназ Әзімбаева мектеп оқушыларының атынан оқытушыларға алғысын білдірді.

- Өнер музейінің негізгі мақсаты – өңірдегі жас таланттарға қолдау көрсету. Өнер музейі Өнер мектебімен қоянқолтық жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі көрме де сол селбестіктің нәтижесі. Өңірде өнерлі жастар көп. Сондықтан Өнер музейі жастарға әлі де қолдау көрсететін болады, - дейді Өнер музейінің қызметкері Есенбол Нақтыбайұлы.

Кеш соңында өнерпаздар қонақтарға мерекелік сәлем жолдап, ән шырқады. Айта кетейік, көрме 2020 жылдың 18 қазанына дейін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу