KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, СШ
504.49 587.73 6.57

«Шығыс салбурыны – 2025»: шетелден қонақтардың алғашқы легі келді

rsk_vko
rsk_vko
8.10.2025, 10:30 241 Базарова Айгүл

«Шығыс Салбурыны – 2025» V мерейтойлық халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуына санаулы күндер қалды. Бүгін шырайлы өлкеге алғашқы қатысушылар да келе бастады. Ресей мен Мажарстаннан келген делегациялар Бозанбай ауылына табан тіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс салбурыны - 2025» фестивалі 8–11 қазан аралығында өтеді. Бұл іс-шара биыл ұлттық мәдениет пен этнотуризм саласындағы ең ауқымды оқиғалардың біріне айналмақ. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Моңғолия, Мажарстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерден қатысушылар келеді делінген Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпаратында. 

— Осындай айтулы шараға келгендегі басты мақсатым — жарыстарға қатысу. Қазіргі таңда Ресей Федерациясында дәл осындай деңгейдегі және ауқымдағы шаралар жоқ. Бұл — өте маңызды әрі құнды тәжірибе. Қазақтың дәстүрлі бүркітшілік мектебінің тарихы тереңде жатыр. Осы мектепті зерттеу өзімнің құсбегілік ісіме және үйрету әдістеріме тың серпін береді деген сенімдемін— дейді фестиваль қонағы, Мәскеуден келген Александр Малахов.

Бағдарламада — жылқы жарыстары, этно-шоу, қолөнер көрмелері, концерттер және нағыз қазақы қонақжайлық рухы бар.

«Шығыс Салбурыны» — бұл тек фестиваль ғана емес, ұлттың рухани мұрасын жаңғыртып, халықтар бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын дәстүр мерекесі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу