KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ға «Шығыс салбурыны-2024» қатысушылары ағылуда

10.10.2024, 09:30 293 Ержан Әбіш

Бүгін шығысқазақстандықтар Өскемен әуежайынан «Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестивалінің қатысушыларын күтіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айтулы додаға қатысушылардың бірі – Александр Малаев. Ол осынау дүбірлі жарысқа қатысу үшін арнайы Мәскеуден келген. Бұл фестивальға биыл алғашқы рет қатыспақ.

– Сұңқар баптаумен айналысқаныма 10 жыл болды. Осы жолғы дүбірлі жарыста қазақ халқының құсбегілік өнерімен етене танысып, өзара тәжірибе алмасамыз. Меніңше, бұл өңірде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді, – деді Александр Малаев.

Фестивальға төрешілік ететін Елтай Жұмағұлұлы да Алматы облысынан келіп қонды. Оның айтуынша, бұл фестивальдің ұлттық құндылығы жоғары.

– Құсбегілік - ата-бабамыздың бізге қалдырған ұлттық өнері. Сондықтан біз мәдени құндылықтарымызды жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа ұлықтауымыз керек, – деді Елтай Жұмағұлұлы.

 Ажар Мұратқызы

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу