«Қалам ұшындағы қансонар»: Құсбегілік өнерге арналған жыр жинағы жарық көрді
«Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалі аясында маңызды мәдени оқиға – «Қалам ұшындағы қансонар» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен Шығыс Қазақстан облысы жазушылар одағының директоры, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әлібек Қаңтарбаев салтанатты түрде өткізді.
Жинақта өңірден шыққан қаламгерлердің құсбегілік өнер, ұлы дала тарихы және ұлттық дәстүр тақырыбына арналған таңдаулы туындылары топтастырылған.
- Имамағзамов Елжан – «Ата ізі»;
- Дүргінбайұлы Қызырбек – «Ұланның жері осындай»;
- Құмар Зиятханұлы – «Ұлан ару»;
- Естай Жаңабай – «Баба қоныс»;
- Мұратхан Кенжеханұлы – «Айшолпан»;
- Оразай Жеңісұлы – «Ұлан»;
- Дәулетберді Жекейұлы – «Салбурын;
- Есенбол Нақтыбайұлы – «Ұлт өнерін ұлықтаған Ұланым»;
- Ілия Кәлімқызы – «Ұлан байтақ жеріміз – Ұлан деген»;
- Маркс Қаламжан – «Салбурын».
Жинақтың жарық көруі «Шығыс Салбурыны» фестивалінің бес жылдығына орай ұйымдастырылды.
«Қалам ұшындағы қансонар» – ұлттық аңшылық дәстүр мен еркін рухты қазақ болмысының көркем бейнесін жырмен жеткізген құнды жинақ. Бұл басылым – рухани мұра мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайтатын, әдебиет арқылы мәдениетімізді ұлықтайтын маңызды еңбек.
Жайна Сыранова
видео: Жалғас Сақадиев
фото: Махаббат Ахметжанова



