Төлен Әбдік: «Адамзатты біріктіретін күш – гуманизм мен әдебиет»
Astana Media Week аясында қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам мен адам болмысы туралы терең ойларымен оқырман жүрегін жаулаған жазушы Төлен Әбдікпен кездесу өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу жылы да ойлы сипатта өрбіді. Қаламгер шығармашылық жолы мен өмір философиясын, сондай-ақ бүгінгі қоғамды кемел ететін басты құндылықтар — бейбітшілік, татулық, адалдық пен мәдениетке құрмет туралы ойын ортаға салды.
Әдебиет пен журналистиканың тоғысқан тұсы туралы ой қозғалған бұл жүздесу Astana Media Week-тің алғашқы күніндегі ең әсерлі сәттердің біріне айналды.
Форум қатысушылары үшін Төлен Әбдікпен жүздесу — сөздің құдіреті мен рухани жауапкершілікті қайта сезінудің ерекше мүмкіндігі болды.
Жайна Сыранова