Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілді

Фото: ашық дереккөз
Қырғызстан астанасы Бішкекте орналасқан №33 мектеп-гимназияға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің айтуынша, бұл бастама Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа тиесілі. Ол жазушы Кемел Тоқаевтың қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті.
Айта кетейік, соғыс жылдары №33 мектеп орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің әкесі Кемел Тоқаев оқыған Фрунзе әскери жаяу әскер училищесі болған. Осы оқу орнын бітірген соң, ол майданға аттанған болатын.