KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының туған күні

28.09.2025, 14:00 246 Төлеуғазы Жансая

28 қыркүйек – қазақ руханияты үшін ерекше күн. Бұл күні қазақтың маңдайалды қаламгерлері Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей және Шерхан Мұртаза дүниеге келген.

Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетін әлемге танытқан заңғар жазушы, «Абай жолы» эпопеясының авторы. Оның шығармашылығы ұлт руханиятының биік шыңы саналады.

Оралхан Бөкей – табиғат пен адам болмысын ерекше суреттеген жазушы. Оның повестері мен әңгімелері оқырман жүрегінен орын алып, қазақ прозасының жаңа белеске көтерілуіне ықпал етті.

Шерхан Мұртаза – көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері. Ол публицистикасы мен көркем туындылары арқылы елдің шындығын бейнелеп, әділет пен адалдықты ту еткен тұлға ретінде есте қалды.

Осы үш алыптың шығармалары қазақ әдебиетінің асыл қазынасы болып қала береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу