KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Астанада Astana Media Week 2025 басталды: жаңа дәуірдің медиа миссиясы

5.11.2025, 10:30 188 Базарова Айгүл

5–7 қараша күндері Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медиа іс-шара – «Astana Media Week 2025» өз жұмысын бастады. Биылғы форум «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында өтуде. Мұнда медиа саласының жетекші мамандары, халықаралық серіктестер мен мемлекеттік ұйым өкілдері бас қосып, заманауи журналистиканың даму бағыттарын талқылайды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Үш күн бойы қатысушылар үшін медиаэтика, деректі фильм өндірісі, жасанды интеллект, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және журналистердің біліктілігін арттыру тақырыптарында пленарлық және панельдік пікірталастар, баяндамалар, жабық питчинг-жобалар мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылуда.

Спикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия мен Еуропадан келген сарапшылар бар.

Арнайы стриминг платформалар нарығына арналған сессиялар да өтуде. Оған TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV және Freedom Media өкілдері қатысады.

Медиаорталық холлында ұзындығы 50 метрлік LED-экранда «Astana Media Week 2025» Контент-маркеты өтіп жатыр. Мұнда жаңа форматтар мен халықаралық кооперациялар таныстырылып, продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар мен платформалар арасындағы іскерлік кездесулер ұйымдастырылуда.

Контент-маркет барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Қазақстан нарықтарына арналған бірлескен өнімдер жасауға жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.

Форум аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған. Жетекші стриминг және медиамониторинг компаниялары үздік сұрақ қойған қатысушыларға жылдық жазылым сертификаттары мен Самарқанға сапар жолдамаларын табыстайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу