KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Қос азаматтығы бар 50 адам анықталды – ШҚО

21.11.2025, 14:00 160 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Учаске» іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Ішкі істер органдары қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, пәтерлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпаратты нақтылап, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz.

Сонымен қатар, басқа мемлекеттерден келетін тұлғаларға бақылау күшейтілген. Полиция қызметкерлері олардың заңды түрде келуі мен миграциялық талаптардың сақталуын тексереді. Өскемен қаласында жүргізілген рейд барысында қос азаматтық фактісі анықталды. Белгілі болғандай, азамат 8 жыл бұрын басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланып келген.

Сот шешімімен құқық бұзушы елден шығарылып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды.

Жалпы жыл басынан бері өңірде 50-ден астам қос азаматтық фактісі анықталған.

«Қазақстан Республикасының Заңнамасы қос азаматтыққа жол берілмейді. Дегенмен, кейбір азаматтар зейнетақы мен басқа әлеуметтік төлемдерді сақтап қалу мақсатында шетелдік төлқұжат алу фактісін жасырып қалады. Мұндай әрекеттер заңға қайшы болып, ауыр құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады», — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының орынбасары Р. Айдарбеков.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы сақтауға, азаматтықты ауыстырған жағдайда уақытында хабарлауға және заң бұзуға жол бермеуге шақырады.


Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу