KZ
Өскемен
-5°
снег жел 5 м/с, ОШ
519.28 540.05 5.31

ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды

Фото: ШҚО ПД

Кеше, 15:30 86 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері екі жергілікті тұрғынға қатысты қос азаматтық фактісін анықтады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алып, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Дегенмен, бұл құқықбұзушылық екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде анықталған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен олар Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облысымызда қос азаматтығы бар жеті адам анықталған.

Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді. Аталған талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын естен шығармаңыздар,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу