KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

6 жыл бойы елдегі зейнетақыны алып отырған шетелдік азамат анықталды

17.11.2021, 18:19 272

10 қарашада Шемонаиха ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде аудан орталығыны тұрғыны Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды.

Ер адам 2005 жылы Алтай аймағында азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын рәсімдегені белгілі болды. Алайда өзге мемлекеттің азаматтығын алу фактісі туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламаған. Ресей азаматы бола отырып, ол 6 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы жасына жеткеннен кейін зейнетақы алып отырған.

- Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтықтан айырылу тіркелді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажеттігі туралы азаматтарды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу