KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО полицейлері қос азаматтығы бар ер адамды анықтады

Фото: gov.kz

29.01.2024, 16:43 99

Қос азаматтық фактісі жаңа жылдық мерекелерден кейін Ресей азаматының Қазақстандағы ата-анасына қонаққа келген кезінде анықталды. Құқық бұзушыдан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ оның Қазақстан азаматтығынан айырылғандығы тіркелді.

 

 

Азамат Ресей Федерациясының азаматтығын 2021 жылдың желтоқсанында рәсімдегені белгілі болды, бірақ содан кейін бұл факті туралы екі жыл бойы үндемей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемесіне хабарламаған. Сонымен қатар, ресейлік қазақстандық құжаттарды республикаға кіру және тұру үшін пайдаланған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Ресейлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза шығарды.

 

 

ПД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 2023 жылы шығысқазақстандық тәртіп сақшылары облыс аумағында қос азаматтығы бар 60-тан астам шетелдікті анықтаған.

 

 

ШҚО ПД Көші-қон қызметі егер азамат шетел азаматтығын Қазақстаннан шықпай алған болса, ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл туралы хабарлауға және ҚР паспортын және жеке куәлігін ішкі істер органдарына немесе шет елдердегі мекемелерге тапсыруға міндетті екенін еске салады. Адамдардың осы санатына қатысты Қазақстан азаматтығынан айрылу фактісі тіркеледі.

 

 

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу