KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Қазақстандықпын». Шемонаиха тумасы шекарадан ҚР паспортымен өтпек болған

2.07.2020, 09:10 278

Елдегі төтенше жағдай кезінде Шемонаиха ауданының тумасы, 35 жастағы ер азамат Ресей Федерациясының азаматтығын алады. Кейін Қазақстанға кірмек болып, «Қазақстандықпын» деп төлқұжатын ұсынып, ҚР азаматтығы туралы заңды бұзған.

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарылды. Енді ол ер азамат қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жауапкершідік негізінде 100 АЕК айыппұл салынуы мүмкін, ол 277,800 теңгені құрайды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Шығыс Қазақстан облысының Көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтық алу фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін осы кезге дейін 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 2-уі - шетелдік азаматты алғаны жөнінде уақытылы хабарламағандар болса, 29-ы -Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін пайдаланғандар.

Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы басқа елдің азаматтығын мойындамайды. Өзге елдің азаматтығын қабылдағанға дейін азамат Қазақстан азаматтығынан шығуы керек жне шетел азаматтығын алғаны туралы 30 жұмыс күні ішінде хабарлауға және Қазақстан Республикасының төлқұжатын және/немесе жеке куәлігін ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік органдарына ұсынуға міндетті.

Жалпы жыл басынан бері ШҚО-да 310 адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу