Зайсан, Катонқарағай, Күршім және Үржар – рейтингінің төменгі сатыларында
Шығыс Қазақстан облысындағы алты ауданда шағын және орта бизнес саласы кенжелеп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Кәсіпкерлік басқармасы мәлімдеді. Облыс әкімдігіндегі жиын барысында айтылған деректерге сүйенсек, шағын және орта бизнестің негізі капиталындағы инвестицияның өсімі бойынша аудандардың басым көпшілігі жоғары көрсеткішке ие.
Айталық, Кәсіпкерлік басқармасы ұсынған рейтингіде Жарма, Ұлан және Бородулиха аудандары көш бастап тұр. Сонымен қатар Көкпекті, Аягөз аудандарында және Семей мен Риддерде шағын және орта бизнестегі инвестицияның жоғары өсімі байқалады. Ал Бесқарағай, Курчатов, Зайсан, Катонқарағай, Күршім және Үржар – рейтингінің төменгі сатыларында.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов төмен нәтиже көрсеткен аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасады.
– Іске кірісіңдер! Өндірте жұмыс істеңдер. Оған барлық мүмкіндік бар. Әйтпесе қатаң шара қабылдауға тура келеді, – деді Даниал Кенжетайұлы.