KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, З
514.74 599.36 6.71

ШҚО-да мал азығы қоры ұлғаяды

pixabay.com

12.08.2025, 10:50 184 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанда биыл шөп молынан дайындалмақ. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне шөп жинау көлемін 120%-ға жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы бұл шешімді биылғы жаздың қолайлы ауа райымен байланыстырды. Мол жауған жаңбыр шөптің жақсы өсуіне жағдай жасаған.

«Бұл мүмкіндікті пайдаланып, басқа да қуаңшылыққа ұшыраған өңірлерге жем-шөп дайындауда көмек қажет болған жағдайда, біз қолдау көрсете алатындай қор жинауымыз керек», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Алдымен облыстың өз қажеттілігі толық қамтылады. Одан кейін ауа райы қиын аймақтарға көмек беруге мүмкіндік беретін қор жасалады. Бұл жұмыстың орындалуын аудан әкімдері қадағалайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу