Зейнетақы жинақтарын емге пайдалану уақытша тоқтатылды
Отбасы банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шешім Отбасы Банк, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы аясында қабылданған.
Қазіргі уақытта емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалану талаптары қайта қаралып жатыр. Алдағы кезеңде ақпараттық жүйелерді өзара біріктіру арқылы зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу тетіктерін күшейту жоспарлануда.