ШҚО-да академия түлектеріне алғашғы офицерлік шен мен дипломдар табысталды
Өскеменде ҚР ІІМ Қостанай академиясының Ш.Қабылбаев атындағы түлектеріне салтанатты түрде алғашқы шендері мен жоғары білім туралы дипломдары табыс етілді.
Жас офицерлерді салтанатты іс-шара облыс орталығының көрнекті орындарының бірі – "Қазақстан" тауында қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің, түлектердің туыстары мен жақындарының қатысуымен өтті.
"Қостанай академиясы жоғары кәсіби кадрларды дайындайтын ведомстволық жоғары оқу орны болып табылады. Пандемияға байланысты, соңғы екі жылда курсанттар оқуларын қашықтықта яғни "On line" форматында жалғастырды. Бүгін 18 жас қызметкер алғашқы шендерімен дипломдарын алып, қызметке жолданды, оның ішінде ерекше озып шыққан үш тілек "қызыл дипломға" ие болды", - деп бөлісті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.
Ғалымжан Мұқатайұлы өз кезегінде академия қабырғасында алған білімдерін тәжірибеде сауатты қолданудың маңыздылығын еске салып түлектерге ақ жол тіледі. Жас қызметкерлердің өз Отанына адал қызмет етіп, ішкі істер органдарының офицері атағына лайықты болуларына сенім білдірді.
- Сіздер алғашқы шендерінізбен дипломдарынызды қолдарынызға үлкен жолға аттандыңыздар. Диплом тек білім мен жетістікке баға беру ғана емес. Бұл жаңа, ересек өмірге қадам. Сіздердің болашактарыныз тек сіздерге ғана байланысты болады, - деп жалғастырды Ғалымжан Мұқатайұлы.
Академия түлектерінің ата-аналары профессорлық-оқытушылық құрамға оқу процесінде алған білімдері үшін шексіз алғыстарын білдірді. Мерекелік іс-шара салтанатты маршпен аяқталды.
Сонымен катар, жас қызметкерлер өз қызметтерің атқару үшін облыста орналасқан түзеу мекемелерімен пробация қызметтеріне жол тартты.