Өскеменде сарбаз қарауыл кезінде өз-өзіне оқ атып, көз жұмды
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару барысында мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмған. Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп Altainews.kz ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Видео: ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі