KZ
Өскемен
-16°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Өскеменде көркем гимнастикадан облыстық чемпионат өтті 

Бүгін, 16:00 45 Базарова Айгүл

Өскемен қаласында көркем гимнастикадан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Бұл дода — ел біріншілігіне жолдама беретін аса маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген ең үздік спортшылар қатысып, облыс құрамасына ену үшін өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Altainews.kz.

Биылғы чемпионатта жеке бағдарламалар бойынша 130 гимнаст өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда 14 команда қатысты. Әсіресе, жеке есептегі спорт шеберіне үміткерлер арасындағы бәсеке ерекше тартысты болды. Бұл санатта 70 спортшы тіркеліп, жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлікті паш етті.

Сонымен қатар, 1-ші ересектер разрядында 44 гимнаст сынға түссе, 6 спорт шебері өз тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін көрсетті.

Топтық көпсайысқа қатысқан 14 ұжым да әртүрлі бағдарлама бойынша бақ сынады. Оның ішінде 6 команда 1-ші разряд бағдарламасы бойынша, тағы 6 команда спорт шеберіне үміткерлер санатында, ал 2 команда спорт шеберлері бағдарламасы аясында өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік спортшылар мен командалар анықталып, алдағы республика чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын өңірлік құрама жасақталды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу