KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, З
503.35 590.63 6.62

«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылғы төлем қалай болады?

Бүгін, 13:00 38 Базарова Айгүл

Бір аптадан кейін, яғни, 1 ақпаннан кешіктірілмей «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылға арналған нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс балалардың шоттарына аударылады. Биылғы қаражат қоры мен тиесілі нақты төлем сомасы да сол күні белгілі болады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметінше, төлемдер бағдарламаға қатысушы барлық 18 жасқа толмаған қазақстандықтарға, сондай-ақ 2008 жылы туған, 2026 жылы кәмелетке толатын азаматтарға да есептеледі.

Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2026 жылы бір балаға төленетін қаражат мөлшері шамамен өткен жылғы деңгейде сақталады деп болжануда. Айта кетейік, былтыр балалардың шотына 129,38 АҚШ доллардан түскен болатын, ал 2024 жылы 100,52 долларды құраған-ды.



Фото: gov.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу