KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

ШҚО-дағы "Үздік тергеушілер" кімдер?

21.01.2021, 10:54 170

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтіп, онда сотқа дейінгі тергеуді жүргізу кезінде сапа мен заңдылықты қамтамасыз етіп, сотқа қылмыстық істерді едәуір көп жолдаған тергеу және анықтау бөліністерінің үздік деп танылған қызметкерлері марапатталды.

Семей қаласының Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Серғазин Әлібек Бейсенғазыұлы Шығыс Қазақстан облысының үздік тергеушісі болып танылды.

Семей қаласының Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Слямов Дәулет Орынбекұлы Шығыс Қазақстан облысының үздік анықтаушысы болып танылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Риддер қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі үздік тергеу бөлімшесі болып танылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Глубокое ауданы полиция бөлімінің анықтау бөлімшесі үздік анықтау бөлімшесі болып танылды.

Сонымен қатар, Тергеу басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Қалиякперова Әсел Болатқанқызы және Анықтау басқармасының аймақтық бақылау бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Қасымбаева Лаура Қайырғазықызы марапатталды.

- Офицерлердің отбасын құттықтай отырып, шынайы алғысымды білдіремін, мықты денсаулық, отбасына амандық және қызметте табыс тілеймін, -деп тілегін білдірді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив