Өскемен тұрғыны есірткімен қолға түсті
Шығысқазақстандық полицейлер ҚР Ұлттық Ұланының арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған азаматтың үйін тінту барысында полицейлер ішінде өсімдік тектес қоңыр-жасыл түсті заты бар 1 полимер пакетті, сондай-ақ бөлмелердің бірінде тұрған жейде қалтасынан өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар түйіншек және де осы бөлмеде күдіктінің күртешесінің қалтасынан тағы да 10 түйіншек табылып алынды.
- Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың барлығы жалпы салмағы 438,50 граммды құрайтын кептірілген марихуана болып табылады. 40 жастағы өскемендікке қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.