KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Тек қарашада. Аягөзде мониторингтік топ талап бұзушыларға 1 млн астам айыппұл салды

25.11.2020, 10:34 244

Мониторингтік топтар қаладағы кәсіпкерлік нысандарға, санитарлық нормалар мен маскалық режимді сақтау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Қараша айында аудан бойынша 7 мониторингтік топжұмыс атқаруда. Қазірге дейін 38 редттік шара ұйымдастырылды, тексеріспен қамтылған нысандар саны - 154. Оның ішінен 26-ы бұзушылық анықталып, 26-не хаттама толтырылды. Жалпы – 1 125 090 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атап айтқанда карантин шектеулерін сақтамау фактісі "Неопль" кафесі, "Атамекен", "Айғыз", "Айғыз-2" сауда үйлері, "FOOD TOPIC" шағын маркет, "Нұржан", "Ерке-Нұр", "Наурыз" дүкендері, "Аяжан", "Динар", "Еркебұлан-2", "Дана", "Фреш" Фаст фуд" дәмханаларында, "Айғаным", "Авто Маркет" автобөлшектер сату дүкендері, "Халида" сән салоны, Ақ-Нұр" Медицина орталығында тіркелген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу