Зейнеткерге жасалған алаяқтық әрекет полицейлердің қырағылығы арқасында тоқтатылды
Жетісу облысында полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетті дер кезінде тоқтатты. Сауда орталықтарының бірінде полицейлер телефонмен абыржып сөйлеп тұрған егде жастағы әйелге назар аударды. Әңгіме сипаты күдік тудырды: зейнеткер біреудің нұсқауымен әрекет жасап жатқандай көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында белгілі болғандай, белгісіз адамдар әйелге телефон шалып, SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткен. Алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, бірақ банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған. Зейнеткер сол соманы алаяқтарға аудармақ болған.
Полицейлер телефонды беруді сұрап, өзін Айсел деп таныстырған қоңырау шалып тұрған адаммен сөйлесті. Ол өзін зейнеткердің қызы екенін айтқанымен, әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады. Бұл алаяқтық әрекетті анықтауға мүмкіндік берді.
Полицияның қырағылығының арқасында алаяқтық тоқтатылып, 2 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның алдын алды. Зейнеткерге профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтардың қалай әрекет ететіні түсіндірілді. Полиция ескертеді: банк пен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы кодтарды айту немесе ақша аударуды талап етпейді.